15
декабрь
2023
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан оқиғасы ғасырлар бойы қазақ халқының басынан өткен соқтықпалы-соқпақты оқиғалардың ең соңғысы және ірісі болды. 1986 жылы 16-18 желтоқсанда жылдар бойы сыздаған жараның ауызы жарылды. Оған Қазақстан Республикасының басшылығына Г.Колбиннің бар-жоғы 18 минутта жасырын әрі халықтың намысына тиетіндей жағдайда тағайындалуы түрткі болған еді. Бізге белгілі деректерге сүйенсек, желтоқсан оқиғасынан 8 мың 500 адам зардап шеккен. Олардың iшiнде 2 мыңға жуық жас жарақат алса, 6 мыңнан аса адамнан жауап алынып, 900-ге жуығы әкiмшiлiк тәртiппен жазаланған. Сондай-ақ 300-дей студент оқудан шығарылған. Осы оқиғаларды мектеп оқушыларына таныстырып көрме өтті. Желтоқсан