Әдістемелік кеңес » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Қаспан орта мектебі"мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 42-3-82
Оқу бөлімі:
+7(72840) 42-3-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2017

Әдістемелік кеңес

 

 

Міндеттері:

·педагог мамандардың біліктілігін, кәсіптік деңгейін жетілдіруге жан-жақты ықпал жасау;

·педагогтарды қажетті нұсқаулық, нормативтік, ғылыми-әдістемелік құжаттармен уақтылы қамтамасыз ету;

·пәнді оқыту мен ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативті құжаттармен, ақпараттық материалдармен уақтылы таныстыру;

·әдістемелік-педагогикалық мәліметтер жүйесін құру, ақпараттандыру;

·білім мекемесін нормативтік-құқықтық құжаттармен қамту;

·біліктілік қажеттіліктеріне орай білімдерін жетілдіру, үздіксіз дамыту;

·білім стандартының талаптарының орындалуы мен білім сапасының деңгейін бақылау, тиісті әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

·кәсіптік шеберлік байқауларын, жарыстарын, оқу кабинеттері байқауларын өткізу;

·педагогикалық қызметтің өзін-өзі талдау негіздерін меңгерту;

·білім берудің жаңа мазмұнды, құнды әдістемелерімен, технологияларымен, педагогикалық-психологиялық материалдармен қамту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әдістемелік кеңестің 

негізгі мәселесі: 

«Ұстаздың кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында білім берудің жаңа үрдістерін оқып үйрене отырып, жүзеге асыру және озық іс-тәжірибені насихаттау барысында жаңа технологияларды пайдалану».






Мақсаты:


1.Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға терең де тиянақты білім беру.

2.Оқутудың жаңа үрдістерін жинақтап, мектеп ішінде тарату.

3.Озық іс-тәжірибесін насихаттау.

4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар еңбегін тарату.

5. Дарында оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.

6. Жас мамандарға кәсіби көмек көрсету.

7. Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды зерттеп, қолдану.












Басқару жүйесі


Педагогикалық кеңес

Әдістемелік кеңес

Директор

 



 


Директордың оқу істері жөніндегі орынбасары

Психолог

Ата-аналар кеңесі

 


Әдістемелік кабинет

Әдістемелік пәндік бірлестіктер

Қазақ тілі мен әдебиеті,тарих,өзін-өзі тану пәндерінің әдістемелік бірлестігі

Орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің әдістемелік бірлестігі

Химия,биология,география пәнінің әдістемелік бірлестігі

Еңбек,дене тәрбиесі,музыка АӘД пәндерінің әдістемелік бірлестігі

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі

«Озық тәжірибе» мектебі

Математика, физика, информатика пәндерінің әдістемелік бірлестігі

 

 

 

 

 





 

 



Ғылыми-әдістемелік орталық

 

 


Жас маман

Шығармашылық топ

Озат тәжірибе мектебі

 




Әдістемелік бірлестік туралы ереже

Жалпы ережелер

Әдістемелік бірлестік - білім мекемесінің әдістемелік қызметі құрылымындағы негізгі бөлім болып табылады.Бірлестік бір немесе туыстас бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу –тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырады.

Бір пәннен немесе бір бөлім аймағынан сабақ беретін мұғалімдер саны 5-тен көп болған жағдайда әдістемелік бірлестік құрылады. Әдістемелік бірлестіктер мен ондағы мұғалімдер саны білім мекемесінің алдына қойылған кешенді мақсат-міндеттерді шешу қажеттілігімен анықталады, мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Әдістемелік бірлестік жұмысына мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді. Әдістемелік бірлестік жұмысы мектеп директоры бекіткен жылдық жоспар негізінде жүргізіледі.

 

Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлері:

·оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің келелі мәселелері бойынша педагогикалық эксперимент жүргізеді, эксперимент нәтижелерін педагогикалық процеске еңгізеді;

 

·әдістеме сұрақтары бойынша дөңгелек столдар, мәжілістер мен семинарлар, мұғалімдердің шығармашылық есебін өткізеді;

 

 

·ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді;

 

·педагогика мен психологияның жалпы сұрақтары, оқыту мен тәрбие әдістемесі бойынша лекциялар, хабарламалар мен баяндамалар жасайды;

 

 

·озық педагогика идеялары мен басшылыққа алынуы тиіс құжаттарды оқып үйреніп, оның оқу-тәрбие процесінде орындалуын қамтамасыз етеді:

 

·пән апталықтары мен әдістемелік апталықтар өткізеді;

 

 

·сабақтардың өткізілу барысына бақылау жасайды.





Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:


·пәнді оқыту үрдісінің нәтижесіне талдау жасайды;

 

·оқу курсының мазмұны мен мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқушының оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі бойынша педагогикалық эксперименттер жүргізіледі;

 

 

·күнтізбелік тақырыптық жоспарларды талқылайды және бекітеді;

 

·оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар дайындайды және оларды талдайды, талқылайды;

 

 

·оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесін қарастырады, оның жүргізілуіне басшылық және бақылау жасайды;

 

·оқу - лабараториялық базаның жетілдірілуі бойынша көрнекі құралдар – макеттер, стендтер, дисплейлік кешендер, диафильм, таблицалар құрастырады және оны қолдану әдістемесін жасайды;

 

 

·жас мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырады, тәлімгерлер тағайындайды;

 

·пән бойынша білім сайыстары, олимпиадалар мен байқаулардың ережелерін құрастырады;

 

 

·оқудағы жетістікті қамтамасыз етуге оқу еңбегі мәдениетін көтеруге , еңбек және демалыс режимінің сақталуына байланысты оқушыларға ата-аналарға арналған нұсқаулар дайындайды;

 

·мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, пәнді оқыту әдістемелері бойынша баяндамалар дайындап, оны талқылайды;

 

 

·басқа да әдістемелік бірлестік жұмысымен танысып, тәжірибесін зерттейді, алмасады.

 

 

Қаспан орта мектебі –шағын орталық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық №106

29.08.2010 жыл Қаспан ауылы

«Әдістемелік кеңес, бірлестік

жетекшілерін тағайындау туралы»

1. 2010 жыл 1-қыркүйектен бастап әдістемелік кеңес жетекшісіне директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Исмагулова бекітілсін

2. Төмендегі мұғалімдер бірлестік жетекшілері ретінде бекітілсін:

2.1 Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі-Ансабаева М.С.

2.2 Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі-Исабаева А.Қ.

2.3 Озық тәжірибе мектебінің жетекшісі – Балабекова Ж.Ә.

2.4 Математика,физика,информатика пәндері бірлестігінің жетекшісі – Досымбекова Қ.С.

2.5 Қазақ тілі,тарих,өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі-Қарымбаева Г.М.

2.6 Орыс тілі,ағылшын тілі пәндері бірлестігінің жетекшісі-Баймұқанова Н.М.

2.7 Химия,биология,валеология,география пәндері бірлестігінің жетекшісі- Изахунов А.Я.

2.8 Еңбек,музыка,АӘД,дене шынықтыру,сызу,бейнелеу өнері,көлік жүргізу пәндері бірлестігінің жетекшісі-Қарақойшынова С.Н.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив