Мектеп тарихы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Қаспан орта мектебі"мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 42-3-82
Оқу бөлімі:
+7(72840) 42-3-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2017

Мектеп тарихы

Қаспан орта мектебінің шығу тарихынан
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қаспан орта мектебінің орналасқан жері Шаған тауының бөктері, Быжы өзенінің бойы.
Мектептің алғашқы іргетасы 1932 жылы қаланып, мектеп ғимаратына бейімделген баракта орналасқан.
Ал 1941 жылы бұл мектеп 7 жылдық мектепке ауысты. Осы мектепке қабылданған оқушылардың алғашқы түлектері 1948 жылы алтын ұя мектебінен ұшып шықты.
1952 жылдан бастап сол кезде Ленин атындағы 7 жылдық мектебінің директоры болып Безкоровайный Семен Григорьевич тағайындалды. Осы жылдан бастап 1966 жылға дейін 14 жыл бойы мектепті басқарған білікті басшының қол астында 88 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие берді.
Мектеп директоры Безкоровайный Семен Григорьевичтің және сол кездегі совхоз директоры Кребаев Данияр Кребаевичтің еңбегінің арқасында мектеп 1953 жылдан бастап он жылдық орта мектеп дәрежесін иеленді.
Осы орта мектепте Безкоровайный Семен Григорьевич 1966 жылға дейін қызмет етті. Осы уақыт аралығында тәрбие және білім саласында, білікті басшы ретінде төмендегідей жетістіктерге жетті:
1961 жылы шілдеде – Қазақ ССр-нің білім беру ісінің үздігі.
1971 жылы желтоқсан айында – СССР Білім беру ісінің үздігі
1964 жылы маусым айында – Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі
1977 жылы желтоқсан айында- Республиканың еңбек сіңірген зейнеткері атанды.
1966 жылы Безкаравайный Семен Григорьевич Республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтына директордың орынбасары қызметіне ауысқаннан кейін мектеп басшылығында бірнеше адамдар істеді:
1966-1967 жылы – Кеңесов Сатыбалды
1967 жылы- Кушнарев Борис Павлович төрт жыл мектеп директоры қызметін атқарды.
1970-76 жылға дейін Ким Сергей Ефимович 6 жыл мектеп директоры қызметін атқарды.
1976—77 жылы Мұсағалиев Әбдрахман мектеп директорының қызметін атқарды.
Мектеп тарихында көп тәрбиелік және қоғамдық жұмыс жүргізген мектеп төрағалары С.Т. Безкоровайный, Е.И. Дубинский, Қ.Н. Әбдіқадыров және ұстаздар ұжымы болды.
Үгіт- насихат жүргізіп, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, әр түрлі ауыл жұмысына қатысқандар: Романова В.Н. , Кушнарев Б.П, Шыныбаев Б.Қ., Ожога К.Е., Дәулетова С.А., Плещенко Н.И., Трептунев С.К.
1984 жылы Қаспан орта мектебінің қазіргі ғимараты салынып, қолдануға берілді. Сол уақыттан бері қазіргі тәуелсіздік алған Қазақстан мектептерінің бірі Қаспан орта мектебі шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруде.
1998 жылы Қаспан орта мектебі өзінің 65 жылдық мерейтойын тойлады. Осы мерейтойға Қазақстанның түкпір – түкпірінен мектеп түлектері жиналды.
Алғашқыда бастауыш, одан кейін жеті жылдық, 1953 жылдан бастап орта мектеп аталған білім ордасының тарихы бар күш жігері мен білімін беру жолына сарп еткен еліміздің мыңдаған азаматттарынның есімдерімен байланысты.
79 жыл ғұмырында бұл мектепте қаншама шәкірт тәрбиеленіп, білім алып, арманына қанат қақты. Соларға қажымастан білім беріп, осы жолға ғұмырын арнаған қаншама ұстаздарымызды еске аламыз: Бондаренко Н.А., Бондаренко В.Н., Стоянова М.А, Сердюкова Л.Е., Зеленская З.П., Плещенко Н.И., Тарасенко Н.Ф., Миргородская Л.П., Байдавлетова Р.Б., Ахъметжанова З.А., Ожога К.Е., Коптлеуов Қ.К., Давлетова С.А., Неверова С.Т., Нургалиева С.Т., Кузембаева Т.А., Коптлеуова Т.С. және т.б.
Осы мектептің тарихында мұғалімдік мамандықтың ақ шыңына көтерілген адамдардың бірі – ҚР Білім беру ісінің үздігі Давлетова С.А., ҚР Білім беру ісінің үздігі Әбдіқадыров Қ.Н., «Аға мұғалім» атағына ие болған Кузембаева Т.А., «Аға мұғалім» атағына ие болған Неверова С.Т.
Қаспан орта мектебінің қанаты астында білімімен сусындап қанаттары қатайып ұшқан түлектері:
Скакбаев Сартай, Абдыкадыров Садык, Хамитов Рафиль, Рахымбеков Айтбай, Фролов Юрий,Керимбекова Б.Ж, Жұмажанова Г.Б. еліміздің түкпір- түкпірінде жемісті еңбек етіп, ғылымның, өнердің, спорттың алуан салаларында тамаша табысқа жеткен, сол арқылы елі мен жерінің, мектебінің жақсы атын шығарып жүргенін атап өту қажет.
Ұстаздық – қызық та бейнеті көп мамандық. Ауыр да жауапкершілігі мол кәсіпті таңдау, өз өмірін осы киелі жұмыспен байланыстыру тек ұстаз болып туған жандардың ғана қолынан келетін іс. Қиындыққа мойымай осы ұстаздық сара жолды жалғастырушылар: Сатымбаев Е.А. – Көксу орта мектебінің директоры, Кунбасов С.А. – Қарымсақ орта мектебінің директоры, Қыстаубаева К.Б. – Сарыөзек орта мектебінің директоры қызметін атқарып жүргендер.
Осы мектептен қанат қағып ұшқан қарлығаштар, әлі де қажымай 30 жылдан астам өз мектебінде жемісті еңбек етуде: Жаркинов Ж.М., Балабекова Ж.А., Қашағанов Е.М., Керимбекова Т.Ж., Керимбеков Н.Ж.
Әр оқу жылдар аралығында «Үздік аттестат», «Алтын медаль», «Күміс медаль» белгілеріне бітірген оқушылар: Өмірбекова Г., Геккеев Р., Қыстаубаева К., Абдыкадырова Р., Ахметова Ж., Бутабаева А., Тоқабаева Ә., Ашаханова З., Күншуақ А., Қашаған А., Неверов В. 2010 жылы Таттимбетова Жібек «Алтын белгі» иегері атанды, сонымен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бері мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіштері:
2003-2004 - 3 грант – 23%
2004-2005 - 6 грант - 24%
2005-2006 - 7 грант - 18,4%
2006-2007 – 9 грант - 47,3%
2007-2008 – 3 грант – 15,7%
2008-2009 – 9 грант - 25%
2009-2010 – 2 грант – 15,3%
2010-2011 - 1 грант – 3,7 %
2011-2012 – 2 грант – 11 %
2013-2014-жоқ
2014-2015- 2 грант
2015-2016- 2 грант
Мәртебелі мамандық - мұғалімдіктің баспалдағын басып өткен Әбдіқадыров Қожаберген Нұрсапаұлын - білікті басшы ретінде ауылдастар жақсы біледі. Бұл лауазымға 1977 жылы тағайындалды. Содан бері 34 жыл мектеп басқарып келді. Бүкіл саналы ғұмырын бала оқытуға, тәрбиелеуге , білім ошағын басқаруға арнаған өз ісінің маманы қызметтестерінің құрметтісі, шәкірттерінің сүйіктісі бола білді. Көп құрметіне бөленген аяулы ұстаз , білікті басшы елеулі еңбегі үшін ҚР Білім беру ісінің үздігі, "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы” атағына иеболды.
2013 жылы Әбдіқадыров Қожаберген Нұрсапаұлы зейнеткерліккі шығып, орнына Ешкенов Дастан Есіркесінұлы 2013 жылы Қаспан орта менктебіне директор болып тағайындалды.
Ешкенов Дастан Есіркесінұлы қай жұмыста болсын, іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жүрегінің жұмсақтығымен көрініп жүрген басшы әлі де "Мектеп кемесін, білім теңізінің” кең айдынына шығарып, мектеп тарихына өз ізін қалдырар.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Hermanmuh
16 апреля 2020 21:24
sekiro shadows die twice

----

купить игры не дорого

----


ошейник электрический для дрессировки

----

Вот по ссылке онлайн магазин для питомцев

----


кг 70 кабель